«Жағдайы ауыр»: Петропавлда жүрегі ұстап қалған жүргізуші қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысқан

Петропавлдың қақ ортасында Hyundai Solaris пен Kia Sportage соқтығысып, екі адам аураханаға жеткізілді. Олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

13 мамыр күні таңғы сағат 8-дер шамасында Астана көшесінде екі көлік соқтығысқан. Кейін белгілі болғандай, Kia Sportage көлігін басқарған 63 жастағы ер адамның жүрегі ұстап қалған.

«Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зейнеткер жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. 38 жастағы  Hyundai Solaris көлігінің жүргізушісі де медициналық көмекке жүгінді. Аталған факті бойынша жиналған материал шешім қабылдау үшін қалалық ПБ әкімшілік полиция бөліміне берілді», — деп көрсетілген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 38 жастағы ер адам қалалық көпбейінді аурухананың жарақат бөліміне жеткізілген. Қажетті емдеу шаралары жасалған соң ол амбулаторлық емдеуге жіберілді. Ал 63 жастағы азаматтың жағдайы ауыр.

«13 мамыр күні сағат 09:09-да жедел медициналық жәрдем бригадасымен кардиологиялық орталыққа 1960 жылы туған науқас жеткізілді. Оның рөлде кетіп бара жатқанда жүрегі ұстап қалған. 20 минут бойы реанимациялық шаралар жасалып, жүрек қызметі қалпына келтірілді. Науқас өте ауыр жағдайда. Комада жатыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Тағы оқыңыз: СҚО-да фермердің астық толы қоймасын өртегендер сотталды

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x