Биыл орыс тілді мектептердегі балалар тарихта тұңғыш рет жаппай «Қазақ тілінен келесі сыныпқа көшіру емтиханын» тапсырады, деп жазады Qazaqstan Media.
Министрлік мамандарының мәліметінше, бұл емтихан биыл алғаш рет өтіп отырғандықтан, әрбір тапсырушыға қойылатын қорытынды бағаның 30%-ы – емтиханның қорытындысына, 70%-ы – оқушының жыл бойғы оқу үлгеріміне байланысты болады.
«Тапсыра алмаған балаларды жазалауға жол берілмейді. Мектеп баланы жазалауға емес, ынталандыруға әрдайым бейім тұруға тиіс. Сондықтан бұл істе де министрліктің ұстанымы мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыруға бағытталады. Жазалауға емес. Жазалау деген болмауға тиіс», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Мұндай емтиханды қазақ мектептерінің балалары да тапсырады. Онда оқушылардың ауызша және жазбаша қабілеттері сыналады.
Тағы оқыңыз: Алтынбек Аусағитов республикалық кубоктың иегері атанды