Облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жаңа басшы келді

Солтүстік Қазақстан облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жаңа басшысы  тағайындалды. Енді аталмыш департаментті  Бақытжан Абулхаиров басқаратын болады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі. 

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығына сәйкес жаңа басшыны ҚР ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов таныстырды.

Бақытжан Абулхаиров 1986 жылы Астана қаласында туған. Қаржы полициясы академиясының түлегі.  2007 жыл мен 2016 жыл аралығында қаржы полициясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентіктте түрлі лауазымдарда еңбек еткен. Ал 2016 жылдан бастап экономикалық тергеу саласында  қызмет атқарып келеді.

Осы тағайындауға дейін ол Шымкент қаласының экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары болған. Онда Бақытжан Абулхаиров 2022 жылдың мамыр айынан бастап еңбек еткен.

Ал бұған дейін облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментін Нұрлан Қанағатов басқарған еді. Ол қазір Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігіне ауысты.

Тағы оқыңыз: «Жайлы мектеп»: Петропавлдағы білім ордасы 1-ші қыркүйекке дейін тапсырылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x