Петропавлда тасқын судан зардап шеккен 18 үй жөнделіп жатыр

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Петропавлда үлкен сенбілік ұйымдастырылды. Осы жолы тасқын судан зардап шеккен Ойқала ықшам ауданы қоқыстан тазартылды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Экологиялық акция аясында Петропавлдың табиғи апаттан зардап шеккен аудандары қоқыстан тазартылуда. Бүгінгі сенбілікте Ойқала ауданына басымдық берілді. Оған жастар, еріктілер, қаладағы түрлі мекеме мамандары мен қала тұрғындары қатысты.

Петропавлда тасқын судан зардап шеккен 18 үй жөнделіп жатыр

«Таза Қазақстан» акциясы аясында біз сенбі сайын шығып, қаламызды күл-қоқыстан тазартамыз. Қазіргі кезде су тасқыны салдарын жоюға көмектесудеміз. Жастар мен еріктілердің қатары көп. Тұрғындар да көмектесіп жатыр. Өзіміз тұратын жерді таза ұстау міндетіміз», — дейді қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Дамир Абдин.

Экологиялық акцияға қатысушылар сумен ағып келген түрлі қоқысты жинап, суағаларларды тазаласа, тұрғындар баспаналарындағы қираған мүліктерді шығарып, аулаларын ретке келтірді.

Петропавлда тасқын судан зардап шеккен 18 үй жөнделіп жатыр

Қазір бағалалау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Бүгіндері кей баспаналарда жөндеу жұмыстары басталған.
Айта кету керек, тасқын салдарын жойып, баспаналарды ретке келтіруге аудандардан келген мехбригадалар да жұмыс істеуде. Мәселен, Ойқалада жұмыс істеп жатқан Ғ. Мүсірепов ауданының жұмысшылары үш үйдің жөндеуіне кірісіп кеткен.

Петропавлда тасқын судан зардап шеккен 18 үйге жөнделіп жатыр

Жалпы Ойқала мен Былғары зауыты кентінде 18 баспана жөнделіп жатыр. Сонымер қатар аулалар мен жертөлелерден су сорып, көшелер тазартылып, қоқыс шығарылуда. Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желіде жазды.

«Ойқала мен Былғары зауыты кентінде бөгеттер арқылы 79 жоғары өнімді насос тәулігіне 300 мың суды сорып жатыр. Бұл жұмыстар су басқан аудандар толығымен құрғақ болғанша дейін жалғасады», — деп жазды Ғауез Нұрмұханбетов.

Тағы оқыңыз: «Саланг» клубының мүшелері соғыста қаза тапқан 153 жауынгердің денесін қайта жерлеуге көмектесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x