Су тасқыны кезінде белсенді еңбек еткен Уәлиханов ауданының құтқарушылары марапатталды

Биыл көктемде Уәлиханов ауданы Қулыкөл ауылдық округін су басу қаупі туындады. Аудан басшылығы мен құтқарушылардың жылдам әрекет етуінің арқасында тасқын су үйлерге кірген жоқ. Қиын кезеңде дер кезінде әрекет етіп, табиғи апатқа төтеп берген қызметкерлерді бүгін аудан әкімі марапаттады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Аудандық активтің отырысы жағымды жаңалықтарға толы болды. Жиынға қатысушылар аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бұрынғы бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі Бауыржан Рахымжановты зейнетке шығарып салды. Осыған орай, аудан басшысы Мұрат Абдулов оны құттықтап, талай жылғы адал еңбегі үшін алғысын жеткізіп, естелікке сый табыстады.

Бауыржан Ерғалиұлы төтенше жағдайлар бөлімін 12 жыл басқарған. Оның аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі орасан. Еңбек жолында адалдығымен, жауапкершілігімен көзге түскен ол әріптестері арасында да сыйлы.

Сондай-ақ жиын барысында Қулыкөл ауылдық округіне төнген табиғи аптатың бетін қайтаруға белсенді ат салысқан қызметкерлер де мараптталды. Соның ішінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Жанарбек Сатыбаев, №17 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Ақылбек Амангельдинов, №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Арман Шайхин, №17 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкерлері Әскер Жазизов, Жүрсін Молдиман бар. Сонымен қатар «Қызылту су арнасы» ЖШС директоры Нұрболат Ғаббасов пен аталмыш серіктестік мамандары Тілеген Шаяхмет, Ерболат Ғаббасов, Кенжебай Мұсабаев та аудан әкімінің қолынан марапат алды.

Тағы оқыңыз:  Қазақстанда жасанды интелект комитеті құрылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x