Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге қазір «Солнечный-2» ықшам ауданында үйлер салынып жатыр. Бүгін олардың құрылысымен өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Солнечный-2» ықшам ауданында құрылыс жұмыстары 25 сәуір күні басталған. Қазіргі уақытта толықтай 100 үйдің іргетасы құйылып, 30-ға жуық баспананың қабырғасы қаланған. Құрылыс жүмыстарына 500-ден астам адам жұмылдырылған.

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендер маусым айында жаңа баспанаға кіреді

«Үйлердің құрылысы кестеге сай жүргізіліп жатыр. Үйлер 3 бөлмелі 80 шаршы метрден болады. Барлық баспананың келбетін бірдей салып жатырмыз. Бұл ықшам ауданға барлық инфрақұрылым тартылған. Үйлерде жарық, су, жол барлығы бар. Құрылысқа тек отандық өнімді қолданып жатырмыз», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

Баспана салу жұмыстарына 10 құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Мамандардың сөзінше, маусым айында үй толығымен пайдалануға беріледі.

«Егер еңбек күші жеткіліксіз болса сіздер «enbek.kz» порталына кіріп, сол жерден білікті мамандарды шақыра аласыздар. Барлығы басқа облыстарға шығып көмектесуге дайын. Біз бұл тізімді арнайы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу мақсатында жасадық. Және міндетті түрде жұмысшылармен ресми түрде еңбек шартын жасаңыздар. Олардың зейнетақы қорларына да ақша жіберіңіздер», – деді ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендер маусым айында жаңа баспанаға кіреді

Министр өңір басшылығына қажет болса құрылыс жұмыстарына шетелік компанияларды да жұмылдыру керек екенін айтты.

Тағы оқыңыз:Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі тасқын судан зардап шеккен петропавлдықтармен кездесті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x