Петропавлда аудандардан келген бригадалар су кеткен жерлерді қоқыстан тазартып жатыр

Петропавлда Есіл өзенінің деңгейі түсіп, су тартылып жатыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып, аудандардан келген механикалық бригадалар су кеткен жерлерден қоқыс, қалдықтарды шығарып жатыр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Осыған дейін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдың су тасқынынан зардап шеккен ықшам аудандарын қалыпқа келтіру үшін өңір аудандарынан механикалық бригадалар келетінін айтқан еді. Сонымен қатар әр аудан мен басқармаға нақты аумақтар белгілеп, жауапты мамандар бекітілген болатын. Мәселен, Былғары зауыты ауданына облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы жауапты. Қазіргі кезде аталмыш ауданға Есіл ауданының 5 механикалық бригадасы келген. Олар қазір аумақты тазартып жатыр.

«Бүгін Жамбыл ауданынан, ертең Шал ақын ауданынан бес бригада келеді. Әр бригадада жеті жұмысшы және сегіз техникадан болады. Су сорғыш, тиегіш техника, жүк көліктері бар. Сонымен қатар бұл жерде ТЖД мамандарды да жүр. Олар су сору жұмыстарын атқаруда. Техникалық қорытынды жасайтын мамандар да бар. Су ақырындап кетіп жатыр. Үйлерінен су кеткен тұрғындардардың баспаналары тексеріліп, арнайы мамандар рұқсат бергендері үйлеріне оралуда», — деді Сергей Мелехов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда экс-шенеуніктен тәркіленген ғимаратта BOTAI арт-көрмесі ашылады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x