25-ші сәуір күні Айыртау ауданындағы Антоновка ауылында анасы мен сегіз бала иіс тиіп уланып, аурухана түскен болатын. Бүгіндері балалардың жағдайы жақсарып, үйлеріне оралды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
25-ші сәуір күні пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан Айыртау ауданындағы Антоновка ауылында бүтін бір отбасы уланып қалған болатын. Зардап шеккен сегіз бала мен олардың анасы бірден ауруханаға жеткізілді. Балалардың бесеуі бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал аналары тепария бөлімінде ем қабылдап, екінші күні үйіне шыққан еді.
«Қазіргі кезде балалардың барлығының жағдайы жақсы. Олар 29-шы сәуір күні үйлеріне жіберілді. Қажетті емнің барлығы көрсетілді», — деп нақтылады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 3 мыңнан астам үй әлі де су астында тұр