Қазақстан халқының бірлігі күні Пресновка ауылында сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық іс-шара Жамбыл ауданының барлық ауылдық окрігтерінде өтті, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінен орай ұйымдастырылған сенбілікке аудандық мәслихат депутаттары, этномәдени орталық өкілдері, ауданның еріктілері мен тұрғындары қатысты. Олар орталық саябақты қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Мұнда әсем музыка ойнап, экологиялық іс-шараға қатысқан әр адам көтеріңкі көңіл күймен өзіне берілген аумақты жылдам жинап тастауға тырысты.
Ал «Ф. Халбеков» жеке кәсіпкерлігі саябақтағы қоқысты жинап, жүк көліктеріне артты. Жалпы сенбілік барысында тоғыз КАМаз қоқыс шығарылды.«Таза Қазақстан» республикалық акциясына 300-ден астам адам ат салысты.
Мереке күні әр ұжым өзіне тиесілі аумақты да қоқыстан тазартып, тазалық акциясына үлестерін қосты. Мысалы, Жамбыл аудандық ауруханасының 50-ге жуық қызметкері мекеме маңын тазалады. Ағаштарды әктеп, жасыл желектерді түптеді. Кейін арухананың көпұлтты ұжымы шай ішіп, мерекені жақсы көңіл күймен қарсы алды.
Айта кету керек, мұндай шара ауданның барлық елді мекендерінде ұйымдастырылды.
Тағы оқыңыз: Президент қазақстандықтарды 1 мамыр мерекесімен құттықтады