Петропавлдық  жас өнертапқыш  Әлихан Жаров ауадан су өндіретін құрылғы ойлап тапты. Ол жасап шығарған қондырғы таза судың тапшылығын жоюға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Су ресурстарының сарқылуы, таза судың тапшылығы – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Осы бағыттағы ізденіс соңы Әлиханның ауыз су қажеттілігін жоюға арналған технологияны ойлап табуына себепші болған. Өнертапқыш ойлап тапқан құрылғыны  ауыл шаруашылығы саласында,  құрғақшылық кезінде дақылдарды суаруға пайдалануға болады. Таза судың жетіспеушілігін азайтуға да сеп болмақ.

Петропавлдық жас өнертапқыш ауадан су өндіретін құрылғы ойлап тапты

«Мұндай идея маған сынып сағаты кезінде келді. Ол кезде  бәріміз тұщы су мәселесін талқылаған болатынбыз. Себебі,  кейбір өңірлерде су тапшы.   Сосын мен терезенің буланғанын байқап, осы идеяны іске жаратамын деп шештім», — дейді мектеп оқушысы Әлихан Жаров.

15 жастағы Әлихан Жаров  дарынды балаларға  арналған «ЛОРД» мектеп-лицей-интернатында оқиды. Ол ұстазымен бірге құрылғыны жасап шығару үшін  энергияны тиімді пайдалануға, температураны бақылауға мүмкіндік беретін Пельтье элементін қолданған.

«Мұғалімім бағыт-бағдар беріп, жұмыс барысында Пельтье элементтерін, яғни термоэлектрлік түрлендіргішті қолдандық. Пельтье элементтері энергияны тиімді пайдалану және температураны бақылау мүмкіндігін береді. Біз бұл технологияны кез келген жағдайда ауадан суды конденсациялауға қабілетті қондырғы жасау үшін пайдалануды шештік. Қондырғы энергияны аз мөлшерде тұтына отырып, ауадан суды конденсациялайды. Меніңше, бұл тәсілді өмірде қолданып, таза су мәселесін шешуге болады», — дейді оқушы.

Петропавлдық жас өнертапқыш ауадан су өндіретін құрылғы ойлап тапты

 

Әлихан Жаров құрастырған қондырғы күніне 150 литрге дейін ауыз су алуға қабілетті. Сонымен қатар құрылғы энергияны аз мөлшерде тұтынады.  

«Әу бастан-ақ оқушым екеуміз көп іздендік. Әлемде қандай өзекті мәселелер барын зерттедік. Түптеп келгенде, біздегі өзекті проблемалардың бірі таза судың жетіспеушілігі екенін анықтадық.  Сондықтан осыны шешетін технология ойлап таптық», — деді физика пәнінің мұғалімі Евгений Яценко.

Айта кетейік, жас өнертапқыш өз жұмысын жобалар байқауының республикалық кезеңінде қорғап, екінші орынды жеңіп алған.

Тағы оқыңыз:«Қол қусырып отыратын кез емес» – Тасқыннан зардап шеккен петропавлдықтар

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x