Биыл СҚО-да 40 млн-ға жуық ағаш отырғызылады

Бес жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 100 млн түп ағаш отырғызылуы тиіс. Соның 38,7 млн-ы биыл егіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сай өңірде бес жыл ішінде 20 мың гектар аумақты көгалдандыру жоспарланған. Осы уақытқа дейін, яғни үш жыл ішінде 28,2 млн түп ағаш отырғызылған.

Биыл СҚО-да 40 млн-ға жуық ағаш отырғызылады

«Жалпы бес жыл ішінде 100 млн түп ағаш отырғызылуы тиіс. 2021 жылы 3,6 млн көшет егілді. 2022 жылы 1,7 мың гектар аумақта 6,9 млн, ал былтыр 17,7 млн түп ағаш отырғызылды», – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бейбіт Исманов.

Биыл 6350 гектар жерге 38,7 млн түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Қазіргі күні 14 млн көшет бар.

«Көшеттерді өңірдегі 48 питомник әзірлейді. Олар ең алдымен тұқым жинап, кейін оны питомникте өсіреді. Қазіргі күні орманшылар тұқым жинау жұмыстарын жалғастыруда. Жалпы 2023 жылы 5,6 тонна қайың және 10 тонна қарағай тұқымы жиналды», – деп толықтырды Бейбіт Исманов.

Тағы оқыңыз: ҚазАвтоЖол: Ақылы жолдар гуманитарлық жүктерге тегін болады

 

 

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x