Петропавлда иіс тиіп уланған ерлі-зайыптылар ауруханаға жеткізілді

Петропавлда жер үй өртеніп, екі адам аураханаға жеткізілді. Олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өрт бүгін түнгі 01:49 Қопай көшесі, 234 мекенжайында орналасқан жер үйден шыққан. Нәтижесінде баспананың шатыры мен қабырғалары зақымданып, үй иелерінің жеке заттары жанып кеткен.

«Өртті сөндіруге 16 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын 02:58 толығымен ауыздықталды. Өрттің шығу себептері анықталуда», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт болған кезде үйде 1963 жылғы ер адам мен оның жұбайы болған. Олар иіс тиіп уланып, аураханаға жеткізілді.

«Иіс тиіп уланған ер адамның жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал әйел адам терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы орташа деңгейде деп бағаланған», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Тағы оқыңыз: Су тасқынымен күресіп жүрген әскерилер барлық керек-жарақпен қамтылған

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x