СҚО ТЖД: Петропавлға тасқын су 12 сәуір келеді

Апта соңына таман Петропавлға тасқын су келеді. Мұны облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сергеев су қоймасында су деңгейі тарихи максимумнан асты. Қазір мұнда судың ернеуінен асып төгілуі 415 см-ге жеткен. Өңірде соңғы рет ауқымды су тасқыны тіркелген 2017 жылы бұл көрсеткіш 338 см құраған болатын.

«Бүгіндері Сергеев су қоймасы 180%-ке толған. Су әзірге тоқтап тұр. Дегенмен, өзен бойында орналасқан Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандарындағы елді мекендерді су басу қаупі әлі де сейілген жоқ. 845 тұрғын үй мен бес мыңнан астам саяжайды су шайып кетуі мүмкін. Ал үлкен су Петропавлға 12 сәуір күні келеді деп болжап отырмыз», — деді Мұрат Қанғожинов.

Өңірдің 38-50 пайызын әлі қар басып жатыр. 262 елді мекенді су басу қаупі сақталуда. Бүгіндері су кірген 40 үйдің әлі 13-і суда тұр. 244 адам эвакуацияланып, 44 адам үйлеріне қайтып оралды. 111 үй маңындағы аумақ су астында қалды.

«59 жол учаскесін су басқан. Суды өткізу үшін 6 жерде жол төсемін қазуға тура келді. 160 шақырым арық тазартылды, 100 шақырымнан астам канал кеңейтілді және тереңдетілді. 60 мыңнан астам дана қапшық дайындалып, 38 мыңы төселді. 1000 адам және 200-ден астам техника жұмылдырылды. 100 мотопомпа және 10 жүзу құралы бар. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», — деп баяндады облыстық ТЖД бастығының орынбасары.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әлі алты ауыл жарықсыз отыр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x