Қазіргі уақытта Қызылжар ауданы Тепличное ауылында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары қыза түскен. Пестрое көлі мен Есіл өзенінің ортасында орналасқан елді мекенді су басу қаупі бар. Төтенше жағдайдың алдын алу  мақсатында 150-ге жуық адам инертті материалдарды қаптап, бөгеттерді нығайтуға жәрдемдесті. Еріктілер тұрғындармен кездесіп, су тасқыны бола қалса қалай әрекет ету қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Су тасқынының алдын алу  мақсатында облыстық ТЖД мамандары бірқатар шараларды қолға алған. Солардың бірі – қоршауларды нығайту жұмыстары. Қызылжар аудандағы Тепличный ауылында 360 үй бар. Онда 900-ге жуық адам тұрады. 2017 жылы су тасқыны болып, елді мекеннің жартысына жуығын су басып қалған еді. Биыл да Есіл өзенінен қауіп төніп тұр.

СҚО-да 150-ге жуық адам бөгетті нығайтуға көмектесті

«Көктем келуіне байланысты қарлар еріп ауданды су басу қаупі болды. Бірақ барлық суды сору, арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, Есіл өзенінен үлкен су келеді деген қауіп әлі де бар. Қызылжар ауданында жалпы 15 елді мекен бар. 2000 адам су басуы мүмкін деген аймақтарда тұрады. 2017 жылы осы ауылдар су астында қалған еді. Қазір бұл жерлер ерекше назарда. Төтенше жағдай бола қалса олар қауіпсіз жерге көшіріледі. Аудан бойынша 13 эвакуациялық пункт дайындалды. Бағып отырған малдары да қауіпсіз жерге көшіріледі», —  деді Қызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасов.

Су тасқынына қарсы дайындық шараларына өңір еріктілері де ат салысып жатыр. СҚО бойынша 1154 ерікті құтқарушыларға көмектесіп, ақпараттық жаднамалар таратуда.Волонтерлердің 470-сі Петропавл қаласында.

СҚО-да 150-ге жуық адам бөгетті нығайтуға көмектесті

«Волонтерлер бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр. Жартысы қаптарды құмға толтыру жұмыстарына жұмылдырылса, қалған жартысы су басқан үйлердің тұрғындарына көмектеседі. Еріктілер құтқарушыларды ыстық тамақпен де қамтамасыз етіп жүр. Бүгін олар Тепличное ауылындағы 360-ге жуық үйді аралап, жадынама парақтарын таратты. Төтенше жағдайға дайын болу керектігін ескертті. Ал түстен кейін Заречный кентіне баратын боламыз», — деді облыстық волонтерлер фронт офисінің жетекшісі Анастассия Волкова.

Бүгін Тепличный ауылындағы құтқарушыларға көмектесуге түрлі ұйымнан жиналған 150-ге жуық ерікті келген. Олар мамандарға ыстық тағам мен шәй дайындап, құм салынған қаптарды дайындауға көмектесті.

СҚО-да 150-ге жуық адам бөгетті нығайтуға көмектесті

«Біз бүгін құтқарушыларға көмектесуге келдік. Тепличное ауылының тұрғындарына жадынамалар да тараттық. Төтенше жағдай бола қалғанда сасқалақтап қалмай барлық жағдайға дайын болуларын түсіндіріп жүрміз. Мен 2019 жылдан бері волонтерлікпен айналысамын. Барынша көмек көрсетуге тырысамын. Бүгін ұлым бірге келді. Біз үшін ең маңыздысы тұрғындардың қауіпсіздігі. Бүгін ұлымда игі іске ат салысқысы келді», — дейді волонтер Елена Тимина.

Өңірде әлі қатты су тасқыны болған жоқ. Мамандардың сөзінше, алдағы екі-үш күнде қала маңына су келеді. Және биыл өңірде қар қалың жауғандықтан көптеген үйлерді су басып 2017 жылғы жағдай қайталануы мүмкін деп болжанып отыр.

«2017 жылы біздің ауылды қатты су басып еді. Сол жағдайдан кейін бізге бөгет салды. Қазір барлық жауапты мамандар осы бөгеттерді нығайтып жатыр. Барлығы төтенше жағдайға қызу дайындалуда. Еріктілер де қол қусырып отырған жоқ. Қаптарға құм толтырып жатыр. 2017 жылғы су тасқынында осы құмдардың едәуір көмегі тиіп еді. Барлық ат салысып жатқан жандарға алғыс айтамыз», — деді Тепличное ауылының тұрғыны Закиржан Мамлютов.

Су тасқынына қарсы облыста еріктілерден жасақталған жедел штаб  құрылған. Бұл штаб ТЖД және полицейлермен тығыз байланысты. Арнайы call орталығы да бар. Оған 46-11-34 байланыс нөмірі арқылы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар хабарласа алады.

Тағы оқығыз:Елімізде мамыр айында әскери шеру болмайды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x