СҚО-да су қоймасы ернеуінен асып жатыр

Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасы су ернеуінен 40 см асқан. Бұл мамандардың таңғы 8:00-де берген ақпараты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сергеев су қоймасы ернеуінен кеше кешкісін асқан болатын. Ал бүгін «Қазгидромет» РМК СҚОФ берген ақпаратына сай, асып-төгілу 40 см құраған. Мамандар аймақтағы барлық су қоймаларында су деңгейі көтерілгендігін айтып отыр. Гусаковка елді мекенінің маңындағы Бабық бұрлық өзені мен Ковыльное елді мекенінің маңындағы Ақанбұрлық өзенінде су мұз үстімен жүріп өткен.

«Мұндай жағдай Соколовка елді мекенінің маңындағы Иман бұрлық өзенінде, Новоникольское елді мекенінің маңындағы Есіл өзенінде, Возвышенка елді мекенінің маңындағы Ақан бұрлық өзенінде, Ясновка елді мекенінің маңындағы Қарымсақты өзенінде және Корнеевка елді мекенінің маңындағы Үлкен Тораңғұл көлінде де тіркеліп отыр. Ал Тоқсан би ауылының маңындағы есіл өзенінде мұз қозғалып, кептеліс туындауы мүмкін», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК СҚОФ мамандары.

Тағы оқыңыз: Петропавл қаласының әкімдігі төрт бөлмелі пәтерді 63,8 млн теңгеге сатып алмақ болған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x