СҚО-ға көмекке келген түркістандық құтқарушы көз жұмды

Солтүстік Қазақстанға су тасқынының алдын алу жұмыстарына көмектесу үшін келген түркістандық  құтқарушылардың бірі көз жұмды. Ол Тайынша ауданаралық ауруханасында қайтыс болған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Бекжан Балданов өңірге 1-ші сәуір күні әріптестерімен бірге келген. Олар бірден Тайынша ауданында жөнелтіліп, тасқанға қарсы жұмыстарға жұмылдырылды. Сол күні кешкісін Бекжан Қуанышұлы өзін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оған өткір миокарда инфаркті диагнозы қойылып, Петропавл қаласына санавиация арқылы жеткізу жоспарланған екен. Алайда түркістандық құтқарушы екінші сәуірге қараған түні Тайынша ауданаралық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Бекжан Балданов 1978 жылы туған. Түркістан облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайрам ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау прапорщигі болған.

«ҚР ТЖД, СҚО ТЖД және СҚО облыстық әкімдігінің атынан марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз», — делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x