Қазақстандықтар 7 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша несие ала алады. Ол осы жылдың сәуір айында немесе мамырдың басында іске қосылмақ, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.
15 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Отау» бағдарламасына қосымша халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған несие өсімі 7 пайыздан аспайтын тағы бір жеңілдетілген ипотеканы іске қосу қажет екенін айтып, үкіметке тапсырма берді.
Сонымен 7 пайыздық тұрғын үй несиесін халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары ғана ала алады: көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар және басқа да азаматтар. Бұдан басқа азаматтар үшін мөлшерлеме 9 пайыз болады. Жаңа ипотекалық бағдарлама осы жылдың сәуір айының соңында немесе мамыр айының басында іске қосылады деп күтілуде. Есесіне, Алматы мен Астанадан баспана сатып алу үшін 30 миллион теңгеге дейін несие алуға болатыны айтылған. Қалған өңірлер үшін несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін болмақ. Мегаполистер мен облыс орталықтарында бастапқы баспана ғана беріледі, ал басқа елді мекендерде ешқандай шектеулер жоқ – тіпті жеке үйлерге де рұқсат берілген. Осылайша, ипотека тек моноқалалар үшін ғана емес, Қазақстанның барлық елді мекендері үшін есептелетін болады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 165 жол учаскесін су басуы мүмкін