Бүгін Наурызнамаға сай Ұлттық киім күні. Мерекеге орай Петропавлдағы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте арнайы мектепішілік челледж ұйымдастырылды. Іс-шараға 150-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ұлттық киімді ұлықтаған №6 орта мектептің ұжымы мен оқушылары наурыз айында этностильдегі киім киюді жыл сайынғы дәстүрге айналдырған. Қазіргі уақытта бұл білім ордасында 1034 оқушы білім алады.  Өскелең ұрпақтың бойына қазақы салт-дәстүрді сіңіріп, ұлттық киімді насихаттау біздің басты міндетіміз дейді мектеп ұжымы.

Петропавлдық оқушылар Ұлттық киім күніне орай арнайы челлендж бастады

«Қазір мектебімізде әкімшілік пен оқушылардан бастап барлығы ұлттық киім киіп жүр. Мақсатымыз, өзіміздің ұлттық, этностильдегі киімімізді насихаттау. Биыл бастауыш сынып ата-аналары осы наурыз мерекелеріне орай барлық сыныпқа бірдей қылып қазақша киімдер тіктірді. Ата-аналар тарапынан ұлттық киімге қолдау болуы да өте маңызды», — дейді Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Шынар Темірханова.

Тағы оқыңыз:Этностильдегі киімдерге сұраныс артқан – петропавлдық қолөнер шебері

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x