Бүгін елімізде Наурыздың бастауы — Көрісу күні аталып өтуде. Атаулы күні облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында ақсақалдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесіп, оларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазіргі уақытта облыстық ҚХА 24 этномәдени және  10 құрылымдық бірлестік бар. Олар  өңірде өтетін барлық іс-шараларға белсенді қатысады. Сондықтан аймақ  басшысы ұлттық құндылықтарды насихаттауға, бірлік пен татулықты нығайтуға үлес қосып жүрген жандарға  алғысын білдірді.

СҚО-да Көрісу күні аталып өтілді

«Бүгінгі мерекеміз құтты болсын. Баршаңызға тек денсаулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мемлекет басшысы осы наурыз мейрамының маңыздылығы мен ерекшелігін атап өтті. Осыған байланысты өңірде алдағы аптада көптеген мерекелік шаралар өтетін болады. Наурыз мейрамы қасиетті Рамазан айымен де тұспа-тұс келді. Барлықтарыңыздың ниеттеріңіз қабыл болсын. Аман болыңыздар», — деп өзінің жылы лебізін білдірді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Облыстық ҚХА ғимараты былтыр күрделі жөндеуден өткен болатын. Биыл этномәдени бірлестіктер үшін арнайы «Газель» автокөлігі де сатып алынған. Енді ассамблея мүшелері аудандарға да іс-сапармен шығуды жоспарлап отыр.

СҚО-да Көрісу күні аталып өтілді

«Ассамблеяға көлік өте қажет еді. Барлығымыздың көңілімізден шығып жатыр. Қолдау білдіргеніңіз үшін алғысымыз шексіз. Биыл біздің ассамблея жобаларына 10 млн теңге қаражат бөлінді. Алдағы уақытта мәдени іс-шараларды бұдан да көп ұйымдастырыруды жоспарлап отырмыз», — дейді облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Елена Семидоцких.

Тағы оқыңыз:Көрісу күні: Петропавлда кітапхана қызметкерлері Амал мерекесін ерекше тойлады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x