СҚО-да су басу қаупі бар аймақтарда бес мыңнан астам адам тұрады

AMANAT партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында су тасқыны кезеңіне дайындық барысы талқыланды. Бүгінде өңірдегі 87 елді мекенді су басу қаупі бар. Ол ауылдарда шамамен бес мыңнан астам адам тұрады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Отырыс барысында сөз алған облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин облысымызда су тасқынына төтеп беру үшін арнайы топ құрылды. Оның құрамына ТЖД, полиция департаменті және Ұлттық ұлан қызметкерлері кірді. Жалпы 134 техника мен 472 адам дайын тұр екенін жеткізді.

«Қазір департаментте халықты эвакуациялауға арналған 10 жоғары өтімді техника, 6 жол талғамайтын көліктер, 7 жүзу құралы, 78 мотопомпа, 370 су өткізбейтін костюм мен 21 дана шатыр дайын тұр. Сондай-ақ 242 эвакуациялық пункт дайындалды», — деді Дмитрий Растихин.

СҚО-да су басу қаупі бар аймақтарда бес мыңнан астам адам тұрады
СҚО-да су басу қаупі бар аймақтарда бес мыңнан астам адам тұрады

Оның айтуынша, аудан әкімдіктерімен арнайы келісім шарт жасалған. Соның негізінде олар азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды дайындайды. Сондай-ақ отырыста дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі пысықталды. Бүгінде облыс әкімдігі аэровизуалды тексеруге және халықты эвакуациялауға 135 миллион теңге бөлген. Айыртау, Ғ. Мүсірепов, Уәлиханов аудандарындағы өзен учаскелерінде кептелістерді болдырмау үшін жару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 11 миллион теңге қарастырылған.

«Қазгидромет» мамандарының мәліметіне сүйенсек, қар жамылғысындағы су қоры 147 мм жеткен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда көп. Жыл басынан елді мекендерден 1 миллион текше метрден астам қар шығарылған. Сондай-ақ, бүгінде 468 кентішілік су өткізу құбыры мен 8,6 км болатын каналдар мен арықтар тазартылып жатыр.

Тағы оқыңыз: СҚО дәрігерлері 3 литрден астам қан жоғалтқан әйелді аман алып қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x