Жуырда аймақ басшысы журналистермен кездесу барысында Жұмысшы кентіндегі оқу орындарының аумағын абаттандыру және жайлы демалыс орындарын құру мәселесі көтерілген еді. Осыған байланысты СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жұмысшы кентінде орналасқан мектептерге барды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Облыста бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Былтыр 31 мектептің шатыры жөнделді. Биыл 42 мектепте күрделі жөндеу жоспарлануда, сонымен қатар білім ошағының аумағында тұрғындарға арналған көше тренажерлары, ойын және спорт алаңы орнатылады.
27 мектеп жанына футбол алаңы мен хоккей алаңы қойылып, ғимараттың қасбеті де жаңартылады. Жалпы, биыл облыс орталығындағы 6 мектепте күрделі жөндеу жүргізілмек.
Тағы оқыңыз:СҚО-да мектеп-интернатта арнайы оңалту орталығы ашылады