Шал ақын ауданында алғаш рет «Дәстүріміздің бал қаймағы – әжелер» атты сайыс өтті. Жарысқа қатысқан жеті қария жиналғандарға ұршықпен жіп иіру, құрақ құрауды үйретіп, ұлттық тағамнан дәм татқызды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Іс-шараның мақсаты – ұмыт болып, жоғалып бара жатқан дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып, өскелең ұрпаққа үлгі ету. Сайысқа 60-70 жас аралығындағы әжелер қатысты.

Шал ақын ауданында әжелер сайысқа түсті

«Өнер сайысы 6 кезеңнен тұрды. Біріншісінде әжелеріміз өздерін таныстырды. Екінші кезеңде ұршықпен жіп иірді.Үшінші кезеңде әжелеріміз  құрақ құрады. Ал төртінші кезеңде қатысушылардың білім деңгейі тексеріледі. Яғни, сұрақ-жауап кезеңі болды. Бесінші кезеңде аяулы әжелеріміз өз қолдарымен дайындап келген ұлттық тағамдарын ұсынды. Алтыншы кезеңде салт-дәстүрге кезек берілді», — деді Шал ақын ауданы «Ата мұра» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Гүлнар Абылқайырова.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл сайыстың тәрбиелік мәні зор. Былтыр Шал ақын ауданында үздік келін анықталған болатын. Енді осындай мәдени құндылығы зор өнер сайыстарын жиі өткізу жоспарланып отыр.

Шал ақын ауданында әжелер сайысқа түсті

«Сайыс қорытындысы бойынша Бірлік ауылының намысын қорғаған Роза Бейсенбаева «Данышпан әже» номинациясына ие болды. Ал Қарлығаш Шариповаға «Салмақты әже», Айман Ақановаға «Асыл әже» номинациялары бұйырды. Әжелеріміз өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Барлығының да дайындығы жақсы болды. Дегенмен. жарыс болған соң жеңімпазды да анықтау керек. Сондықтан жинаған ұпайларына сай жүлдегерлерді анықтадық», — дейді Гүлнар Абылқайырова.

Шал ақын ауданында әжелер сайысқа түсті

Нәтижесінде, ең көп ұпай жинаған Парида Жүзжасарова сайыстың бас жүлдесіне ие болып, үздік әже атанды. Бірінші орын Нұрғиза Оспановаға бұйырды. Ал Мағира Жұпарбекова екінші орынға жайғасса, Новопокровка ауылынан келген Алма Темешпаева үшінші орынға ие болды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда сауда орталығында мемлекеттік қызмет көрсетілетін болады

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x