Петропавлда балаларды тамақтандыруға арналған сүт қоспасы енді берілмейтін болды

Петропавлдағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасында «Биолакт» сүт қоспасы таусылған. Алдағы уақытта өнім берілмейді де. Өйткені, өндіріс тоқтатылған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Биолакт» сүт қоспасы берілмей жатқандығын әлеуметтік желіде тұрғындар жазған. Ата-аналар балаларды тамақтандыруға қажетті өнім өндірісінің тоқтап қалғандығына наразы.

Петропавлда балаларды тамақтандыруға арналған сүт қоспасы енді берілмейтін болды

Ал аурухана әкімшілігі бұл жағдайды былай деп түсіндіруде. Олардың айтуынша, сүт қоспасын дайындау тиімсіз.

«Биолакт» балаларға арналған сүт тағамдарын өндіру өндірістік бақылауды жүргізуге байланысты уақытша тоқтатылды. Кейіннен оның тиімсіз екендігі анықталды. Яғни, кәсіпорынның кеткен шығындарының өтелмеуіне байланысты бүгіндері өндіріс тоқтатылған. Сұраныс да күрт төмендеді. Сондай-ақ бұл тауарлар нарығында сүт қоспаларының қазір түр-түрі бар», — деді облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Айманов.

Сонымен қатар аурухананың бас дәрігері балаларға арналған тағамдарды өндіру емдеу мекемесі қызметінің негізгі түріне жатпайтындығын да айтып өтті. Тиісінше, оны дайындауға бюджеттен қаржы да қарастырылмаған. Ол асхана орналасқан ғимарат енді қаңырап бос қалмайтындығын да жеткізді.

«Асхана ғимаратын медициналық көмек көрсету үшін қолданатын боламыз. Амбулаториялық балаларды оңалту бөлімшесін немесе консультациялық — диагностикалық бөлімшені кеңейту жоспарда бар. «Биолакт» және басқа да қоспаларды өндірумен кәсіпкерлер айналысуы тиіс», — деп толықтырып өтті Нұрлан Айманов.

Ал босатылған медициналық және өзге де персонал жұмыссыз қалмайды. Олар ауруханада бар бос лауазымдарға ауыстырылатын болады.

Тағы оқыңыз: Шалқар-Имантау курорттық аймағының инфрақұрылымын дамытуға екі млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x