Солтүстік Қазақстан облысында бүтін бір отбасы иіс тиіп уланды. Қазір әйел мен екі баласы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Оқиға 25-ші ақпан күні, сағат 21:00 шамасында болған. Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында жеке тұрғын үйде әйел мен оның балалары иіс тиіп уланып қалған. Олар бірден ауруханаға жеткізілді.
«Алдын-ала болжам бойынша уланудың себебі — қатты отынмен жанатын жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзу», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Уәлиханов пен Ақжар аудандарында мал азығының тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды