Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 299,8 км құрайды. Алайда олардың 65% тозған. Желілердің 244,4  шақырымы Петропавл қаласында болса, қалғаны аудандарда, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі  

Петропавл қаласындағы желілердің 74,6%, ал аудандардағы жылу желілерінің 28% тозған. Өңірде осы мәселені шешу мақсатында 8,4 млрд теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылуда. Облыста қазіргі уақытта электр желілерінің тозуы өте өзекті мәселе болып отыр. Өңірдегі электр желілерінің жалпы ұзындығы 23,5 мың км құрайды. 3969 қосалқы станса бар. «Севказэнерго» АҚ 87%, ал «Көкшетау Энерго» ЖШС электр желілері 95 % әбден тозған. Осы  мәселелері шешу мақсатында Үкімет пен облыс әкімдігі бірлесіп, электр желілерін жаңғыртудың жол картасын әзірлеген.

««Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша2027 жылға дейін  тозығы жеткен желілерді жаңартуға жыл сайын 4 млрд. бөлінетін болады. Бүгінгі таңда 2,4 млрд теңгені құрайтын 11 жобаны әзірлеу аяқталып, 5 жоба дайындалуда. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы 2027 жылға дейін электржелілерінің тозуын 95%-дан 80%-ға дейін төмендейді»,-деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тағы оқыңыз:Петропавлда кәсіпкерлер 30 саябақ салатын болды

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x