СҚО-да әзірге аяздың беті қайтпайды

Еліміздің бірнеше облысында ауа райы күрт құбылды. Қазгидромет мамандарының болжамы бойынша сықылдаған сары аяз ақпан айының 20-сына дейін жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqstan Media  тілшісі.

Ақпан айының екінші онкүндігінің ортасында түнде -30-35, күндіз -22-27 градус аяз күтіледі. Ал онкүндіктің соңында сынап бағанасы -18-23 градусқа дейін түседі деп болжанған. Бүгінгі қатты аяз салдарынан республикалық маңызы бар 14 жол жабылып, оқушылар қашықтан білім алып жатыр. Солтүстіктің  446 мектебінде білім алатын  55 мыңға жуық оқушысы онлайн оқыды.

«Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 13-18 градус аяздан 4-9 градус аязға дейін, күндіз 8-13 градус аяздан 4 градус аяз 1 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы күтілуде. Қар, бұрқасын үшінші онкүндіктің бірінші жартысында және соңында күтіледі. Тұман үшінші онкүндіктің ортасында және соңында болуы мүмкін», — деді «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы.  

Тағы оқыңыз:15 жылдан бері баспана кезегінде тұрған петропавлдық қала әкімінен көмек сұрады

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x