«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 22-бабы 8-тармағының негізінде, жылу энергиясын өндіру бойынша көрсетілетін қызметке тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына жеткізеді.
2024 жылғы 1 наурыздан бастап «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамының жылу энергиясын өндіру жөніндегі реттелетін қызметке уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы» 2024 жылғы 9 ақпандағы № 16-ОД «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ бұйрығымен жылу энергиясын өндіру бойынша қызметке ҚҚС-сыз 4278,10 теңге/Гкал мөлшерінде тариф 2024 жылдың 16 ақпанынан бастап бекітілді және қолданысқа енгізілді.
Тариф деңгейінің өзгеруіне көмір құнының және өндіріс қызметкерлерінің жалақысының өсуі себеп болды.