Петропавлда жеке тұрғын үйлердің ауласындағы қар тегін шығарылады

Петропавл қаласында көктемгі су тасқынының алдын-алу бойынша шаралар қолға алынды. Қазір шеткі аудандардағы басты көшелерден қар шығарылып жатыр. Кейін жеке сектордағы аулалар ақ ұлпадан тазартылатын болады. Ол жайында шаһар басшысы Серік Мұхамедиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Былтыр Петропавлдағы кейбір жеке секторды су басқан болатын. Биылғы қыс та қарлы болып отыр. Әрі ауа райы тұрақсыз. Сондықтан жергілікті билік көктемгі су тасқынына ерте қамдана бастады. Бүгіндері жеке секторлардан қар шығарылып, суағаралар тазартылып жатыр.

«Мен аталмыш жазбада жеке сектордан қар шығару жұмыстарына тоқталғым келеді. Ол бойынша келесі жұмыс механизімін ұсынғым келеді:

— Жеке сектордағы негізгі көшелерден қар шығару жұмыстары жалғасады. Себебі ол жерлерде көліктер көп жүреді.

— Оған қоса, техника өзге көшелердегі қарды тазалайды. Коммуналдық қызмет машиналарының жүріп тұруына ыңғайлы болуы үшін алдымен жолдарды тазартамыз.

— Кейін негізгі жұмысқа көшеміз. Ол – жер үйлердің аулаларынан қар шығару. Бұл жұмыстар тегін болады. Тұрғындар тек ауласындағы қарды жол жиегіне шығаруы керек. Осы орайда, тұрғындардан өтініп сұраймын, қар үйіндісін жол ортасына шығарудың қажеті жоқ.  Сонымен қатар, үлкен көліктер қоршауларды қиратып алмас үшін, жұмыс барысын өздеріңіз қадағалаңыздар» — деп жазды Серік Мұхамедиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жер үйлерде тұратын қарттарға еріктерлер барып қар шуғаруға көмектесетіндігін де айтты. Сонымен қатар, қала тұрғындарын бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Тағы оқыңыз: СҚО-ның бас дәрігері Құмар Күсемісов қызметінен кетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x