Петропавлда өрттен зардап шеккен зейнеткер ауруханада көз жұмды

Петропавлда үшінші ақпан күні болған өртте зардап шеккен 66 жастағы ер адам бүгін көз жұмды. Өрт сөндірушілер оны қызыл жалыннан құтқарғанымен, қария ауруханаға ауыр халде жеткізілген болатын, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Үшінші ақпан күні Әуезов көшесі 147-ші үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығады. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде төртінші қабаттан қою түтін шығып жатқанын аңғарады. Көршілертпәтерде үйдің иесі болуы мүмкін деп айтады. От шыққан пәтерге бірінші болып азаматтық қорғаныс сержанты Сүлейман Әмірғалиев кіреді. Ол бірден ес-түссіз жатқан ер адамды байқайды. Өрт сөндірушілер жылдам қимылдап, 66 жастағы зейнеткерді қауіпсіз жерге шығарады. Жедел жәрдем келгенше, алғашқы көмек көрсетеді. Кейін қария медициналық мекемеге жөнелтілді.
Ауруханада дәрігерлер оның жағдайын «өте ауыр» деп бағалаған. Себебі, денесін қатты күйік шалған және қосымша аурулары бар болып шықты. Бүгін ол ауруханада көз жұмды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да тіркелмеген қарумен заңсыз аңшылық құрғандар ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x