СҚО-да ауыл әкімі мас күйде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды

СҚО-дағы ауылдық округ әкімдерінің бірі мас күйде рөлге отырып, 15 тәулікке қамауға алынды. Шенеунік жеті жылға көлік басқару құқығынан да айырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 27-ші қаңтар күні Көкшетау қаласында болған. Сағат 22:40-та полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен Ғабдуллин мен Әуелбеков көшелерінің қиылысында мас ер адамды байқайды. Кейін ол «ВАЗ» маркалы автокөлігіне отырып, орнынан қозғалған.

«Оның жол қозғалысы қатысушыларына қандай қауіп төндіретінін түсінген Жедел басқару орталығының инспекторы аталған көліктің соңынан ерген патрульдік полиция қызметкерлеріне дереу нұсқау берді. Автокөлік Баймұқанов көшесі, 118-ші үйдің маңында тоқтатылды. Жүргізуші ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілді. Сараптама нәтижелері бойынша құқық бұзушының ауырлығы орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі бойынша «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру» әкімшілік хаттама жасалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кейін оның СҚО Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің әкімі Сәкен Сәдуақасов екендігі анықталды. Шенеунік өзінің бұл әрекетін былай деп түсіндірген. Ол Көкшетау қаласына мерекеге келіп, көлікті тұраққа қоюды ұйғарған-мыс. Алайда Көкшетау қаласының тәртіп сақшылары оны бірден көріп, жауапқа тартқан.

Аталған істі Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты жүргізген. 50 жастағы әкім өз кінәсін мойындап отыр. Осының бәрін ескерген сот Сәкен Сәдуақасовты 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды. Сондай-ақ шенеунік жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылған.

Сәкен Сәдуақасов 2016 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Ал Чкалов ауылдық округінің әкімі болғанына 3 жылға жуық уақыт болған.

СҚО-да ауыл әкімі мас күйде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды
СҚО-да ауыл әкімі мас күйде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі Францияның кәсіпкерлерін халықаралық инвестфорумға қатысуға шақырды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x