Елімізде запастағы офицерлер екі жылға әскери қызметке шақыртылады. Тиісті қаулыға ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Құжат НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес, офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын», — делінген қаулыда.
Құжатқа сәйкес 2024 жылы:
Қарулы күштерге — 600;
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне — 80;
Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланға — 42;
Төтенше жағдайлар министрлігіне — 30
азамат шақырылады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға жеңілдіктер жасалады