Қазақстанда аусылға қарсы вакцина өндіріледі

Әлемдегі аусылға қарсы ең тиімді вакциналардың бірі біздің елде өндіріле бастайды. Тиісті келісімге Парижде Boehringer Ingelheim France тобы мен QazBioPharm қол қойды,. Құжатта технологияны қазақстандық өндірушіге біртіндеп табыстау қарастырылған, деп жазады Qazaqstan Media редакциясы 24. KZ сілтеме жасап. 

Вакцинаның бастапқы 20 млн дозасы келесі жылы шығарылады. Ал 2026 жылдан бастап өндіріс толық циклға көшеді. Бұл – Орталық Азияда қолға алынған алғашқы жоба. Қазақстан – француздардың стратегиялық серіктесі. Халықаралық эпизоотиялық бюро отандық вакцинаны мойындаған.    

«Бұл – француз президентінің Қазақстанға сапарының нәтижесі. Сол кезде қазақ еліне мен де барғанмын. Осылайша, екіжақты ынтымақтастық тереңдеп, бірнеше жоба қолға алынды. Біз соған куә болып отырмыз. Мерейлі сәтке өте қуаныштымын»-деді Франция Сенатының «Франция-Орталық Азия» достық тобының төрағасы Эрве Море.

 Бұл вакцинаны өндіру –терең сараптаманы қажет етеді. Сондықтан фанцуздық мамандар елімізге арнайы келіп, сараптама жасапты. барлық жағдай талаптарға сай болғасын,  ортақ келісімге келген.

«Біздің жоба еуропалық стандарттағы жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Осы жоба арқылы біз отандық кадрлар дайындаймыз, өндіріс деңгейін арттырамыз. Басты мақсат, өз вакциналарымыз бен дәрілерімізді өндіреміз. Әрі қарай өндірісті кеңейту бойынша жетекші еуропалық серіктестермен жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз» деп нақтылады QazBioPharm ұлттық холдингінің бас директоры Ерғали Әбдірайымов.

Тағы оқыңыз: Петропавл жастары көше тазалаушыларға ыстық шай берді 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x