СҚО-да соңғы екі жылда «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша колледжге бірде-бір студент оқуға түспеген

Биыл «Серпін-2050» бағдарламасына 10 жыл. Бағдарлама бойынша өңіріміздегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан 470 адам оқуға түскен. Алайда, соңғы екі жылда «Серпін» бағдарламасы бойынша бірде-бір студент келмепті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама мақсаты – еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Кадрларды даярлау облыстың 7 колледжінің базасында 15 мамандық бойынша жүргізілді.
2017 жылы бұл бағдарлама бойынша 67 адам оқуын аяқтаса, 2018 жылы 191 жас диплом алыпты. Ал 2019 жылы- 122 түлек, 2020 жылы бұл бағдарлама бойынша оқу аяқтаған студенттер болмаған. 2021 жылы 46 адам, ал 2022- 44 адам оқуын тәмәмдаған. «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚУ 2014-2022 жылдар аралығында 1624 студент білім алған. ЖОО мұғалімдерінің сөзінше, оқуға түскен жастардың 80 пайызы ОҚО болса, қалғандары Қызылорда, Алматы, Маңғыстау облыстарынан екен.

«Бүгінгі күні 143 студент оқып жатыр. Нақты «Серпін» бағдарламасы бойынша 4-ші курста 72 студент, 3-ші курста 71 студент. 2022 жылдан бастап «Серпін» бағдарламасының атауы «ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударушы ауыл жастары» деп өзгертілген. Қазіргі уақытта осы квота бойынша 80 студент білім алып жатыр»,-деді Қозыбаев университеті басқарма төрағасы Жанар Таласпаева.

«Серпін-2050» бағдарламасының алғашқы түлектерінің бірі – Әлфараби Мыңбай. Ол 2014 жылы Шымкент қаласынан Бәйкен Әшімов атындағы машина жасау колледжіне оқуға түскен. Ал 2017 жылы колледжін тәмәмдап, М.Қозыбаев атындағы СҚУ білімін жалғастырған. Қазіргі уақытта «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы жастар қанатының төрағасы. Оңтүстіктен солтүстікке алғаш келген жылдары қиыншылықтар өте көп болды дейді ол.

СҚО-да соңғы екі жылда «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша колледжге  бірде-бір студент оқуға түспеген

«Петропавлға келгендегі ең бірінші қиындық тіл мәселесі болды. Қазақ ортасында жүріп, Петропавлға келгенде орыс группасына түстім. Бірінші семестрда қатты қиналдым. Жалпы, бұл бағдарламаның өте үлкен қателігі мемлекеттік менеджер болған жоқ. Бағдарламаның жасалуы жақсы болды, бірақ жүзеге асуы өте төмен дәрежеде болды»,-дейді Әлфараби Мыңбай

Әлфарабидің айтуынша, қазіргі уақытта «Серпін» бағдарламасына деген сұраныс азайған. Себебі, оңтүстіктің кейбір жастары солтүстіктің қытымыр аязынан қорықса, енді біреулері жұмыс пен жалақының аздығын алға тартатын көрінеді.

Тағы оқыңыз:Түнде -25…-33 градус аяз болады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x