Жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталды

Биыл жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі науқанның үшінші кезеңі басталды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке декларацияны кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Азаматтардың қалған санаты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тапсырады. Декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұсыну қажет. Бұл декларациялаудың негізгі мақсаты: көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

«Декларацияда шетелдегі активтер, яғни жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, көлік құралдары, арнайы техника, әуе және теңіз кемелері көрсетілуі керек. Сонымен қатар, банктік шоттардағы  1000 АЕК-тен (3 450 000 тг) асатын, шетелдік банктердегі жиынтығы да  3 450 000 теңгеден асатын болса оны да көрсетуі тиіс. Сондай-ақ  қалауы бойынша құны 1000 АЕК (3 450 000 тг) асатын кез келген мүлікті – мәдени құндылықтарды, зергерлік бұйымдарды, антиквариатты, биологиялық активтерді көрсетуге болады. Бірақ мұндай мүлікті тәуелсіз бағалаушы бағалауы керек», — деді   облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Саян Мейрамов.

Декларацияны бірінші рет ұсынбаған жеке тұлға ескерту алады. Ал келесі жылы тапсырмағандарға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Декларацияда толық емес немесе бірінші ретте анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін ескерту жарияланады.

Тағы оқыңыз:Жол-көлік оқиғасын полициясыз тіркеуге болады

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x