СҚО-да футбол клубына бюджеттен 2 млрд теңге ақша бөлінеді

Солтүстік Қазақстан облысы «Қызылжар» футбол клубына биыл бюджеттен 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлмек. Оның 1,2 млрд теңгесі негізгі құрамға жұмсалады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Команда жаңа маусымға дайындықты қаңтар айында бастайды. «Қызылжар» клубының негізгі футболшыларына деп биыл қазынадан 1,2 млрд теңге бөлініп отыр. Оған қоса, екінші құрамға 800 млн теңге жұмсалады. Негізгі құрамның басым бөлігі шеттен келген футболшылар болса, екінші құрамда тек жерлес спортшылар ойнайды.

«Бюджеттен бөлінген қаражатқа біз жас футболшыларды дайындаймыз. Футбол орталығында әр жастағы 300 бала бірнеше топта жаттығады. Ал негізгі құрамға келер болсақ, 9-шы қаңтарда алғашқы жиын болады. Сол кезде негізгі құрам мүшелерін анықтайтын боламыз. Онда өңіріміздің де, өзге облыстардан келген ойыншылар да бар»,- деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.

«Қызылжар» футбол командасында облыс намысын кімдер қорғайтыны ақпан айында нақтыланады. Бас жаттықтырушы болып Али Алиев қалады.

«Алдағы маусымда жерлес спортшылар жоқ дегенде 4-ші сатыға көтеріліп, Еурокубок аймағына ену керек деген масқат бар», — дейді Сергей Мелехов.

2023 жылды өңір футболшылары турнир кестесінде 5-ші орында аяқтаған болатын.

Тағы оқыңыз: Жаңа жыл күні Петропавлда 8 нәресте өмірге келді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x