СҚО-да интернет арқылы шырша сатып алмақ болған ер адам ақшасынан айырылды

Төрт солтүстікқазақстандық жалған шырша сатқан алаяққа алданып қалды. Олар интернет арқылы сауда жасамақ болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын шырша сататын саудагерлердің жұмысы қыза түсті. Қазір әлеуметтік желі арқылы қылқан жапырақты ағашты сататындар да көп. Осыдан алаяқтар да пайда тауып жүр. Олардың құрығына Петропавл қаласының 41 жастағы тұрғыны да түсіп қалған. Ол интернет арқылы жасанды шырша сатып алмақ болып, ақшасынан айырлды.

«Instagram әлеуметтік желісінде хабарландыру көрген. Сатушының талабы бойынша 54 мың теңгені шотына аударған. Бірақ тауар келмеген. Апта бойы саудагермен хабарласпақ болған, алайда ол мүмкін болмаған. Сол кезде ер адам полицияға арыз жазды», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дәл осылай тағы 3 адам алаяққа алданған. Қазір сот алды тексеріс жүріп жатыр.

Тағы оқыңыз:  Жаңа жыл мерекесін тойлау барысында қандай жағдайда айыппұл салынуы мүмкін

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x