Солтүстік Қазақстан облысында қызылшамен ауырып жатқандардың саны артып келеді. Бүгінде індетті жұқтырды деген 200 адамның 107-де ауру анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Науқастардың 94-і Петропавл қаласының тұрғыны. Айыртау, Қызылжар, М. Жұмабаев, Мамлют және Аққайың аудандарында да індет жұқтыру фактілері тіркелді. Қызылшамен көбіне 15-19 жас аралығындағы жастар ауырып жатыр. Олардың саны — 67.
«Ең көп жағдай Ұлттық ұланның әскери қызметшілері арасында тіркелді – 47 жағдай. Ұйымдастырылмаған балалар — 20 жағдай. Оқушылар – 11, студенттердің арасында төрт жағдай анықталды. Медицина қызметкерлері арасында үш жағдай. Балабақшадағы балалар арасында екі жағдай және мұғалімдер, зейнеткерлер арасында бір жағдайдан тіркелді», — деді брифингте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.
Науқастардың 93% вакцина алмағандар. Жалпы облыста вакцина жеткілікті. 6981 дозасы бар.
«2023 жылдың наурыз айынан бастап қызылшаға қарсы иммундауды толықтыру барысында бұрын вакцинацияланбаған, вакцинация мәртебесі белгісіз және бас тартқан 5239 адамның ішінен 18 жасқа дейінгі балалардың 2355 немесе 44,4% егілді. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасады», — деді спикер.
Тағы оқыңыз: Қызылжар ауданынан Петропавлға келіп жұмыс істейтіндерің саны азайды