Бүгін орталық коммуникациялар алаңында журналистермен кездескен облыс әкімі олардан көмек сұрады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Петропавл-Жезқазған тас жолының жалпы ұзындығы — 359 км құрайды. Алайда қазір оның тек 51 шақырымы ғана жөнделген. Ол Сергеевка мен Николевка ауылдарының аралығы. Қалған бөлгінің тас-талқаны шығып жатыр. Ал бұл облыстағы ең ұзын тас жолдардың бірі.
«Біз бюджетке өтінім бердік. Сөйтіп, келер жылы Николаевка-Покровка елді мекендерінің аралығы жөнделеді. Ал Ақмола, Қостанай қалаларымен шекаралас аймақтардағы жол учаскілерінің жағдайы тіптен нашар. Республикалық маңызы бар жол болғандықтан бізге көмек керек. Сондықтан БАҚ өкілдерінен қолдау көрсетуді сұраймын. Осы жол учаскесі жайлы көбірек жазып, көрсету керек. Сонда жоғарыдағылар бұл жолға назар аударады», — деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.
Тағы оқыңыз:СҚО-да балабақша кезегінде 4 мыңға жуық бала тұр – Ғауез Нұрмұханбетов