2024 жылдан бастап машинасы габен жүретін көлік иелеріне арнайы белгі орнату міндеттеледі.
Газ жабдығы бар автомобильдердегі ерекше белгі – қара жиегі бар сары үшбұрыш. Оның ішінде «GAS» деген жазу және леп белгісі көрсетілген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Сонымен қатар автокөлік жабық тұрақтарға кіргенде белгі оңай көрінетін және танылатындай етіп орнатылуы керек.
Жаңа стандарт автокөлік жүргізушілері үшін міндетті және азаматтардың жалпы қауіпсіздігіне ықпал ететін жабық тұрақтарда газбен жүретін көліктерді қоюға тыйым салу тұрғысынан тиімді бақылау мүмкіндігін қарастырады.
Бұған дейін Қазақстанда газ жабдықтары бар көліктерге жерасты тұрақтарына кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Бұл тыйым өрт қауіпсіздігі ережесімен қарастырылған.
Тағы оқыңыз : СҚО-да 170 мектеп «Старлинк» спутниктік желісі арқылы интернетке қосылады