Петропавл қаласының 33 жастағы тұрғыны заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан

Петропавлдық полицейлер заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан 33 жастағы тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қарашаның 20-сы мен 30-ы аралығында өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Рейд барысында полицейлер заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан 33 жастағы петропавлдықты анықтады. Тәртіп сақшылары  заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатындарға сенбеу керектігін ескертеді. Сақтандыру шарттары болмағандықтан олар жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігіне жауап бермейді.

«Жалпы рейд өткізілген 4 күннің ішінде облыс жолдарында жол қозғалысы ережесін бұзудың 1247 дерегі анықталды. Мас күйде көлік басқарудың 11 фактісі тіркелген. Ұсталған жүргізушілер 15 тәулікке дейін қамауға алуды және 7 жылға басқару құқығынан айыру түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді СҚО ПД  жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ жедел алдын алу іс-шарасы аясында 165 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

 

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x