Солтүстік Қазақстан облысының 10 ауданында әлі электр энергиясы жоқ. 150 ауылдың тұрғыны екі тәулік бойы жарықсыз отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Mediа.
18-ші қарашадағы дүлей боранның салдары әлі жойылып жатыр. Сенбі күні өңірдің 11 ауданындағы 217 ауылда жарық беру тоқтатылды. 33 мыңнан астам адам тәулік бойы қараңғыда отырды. ТЖД мәліметінше, жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Облыстың 10 ауданындағы 150 елді мекенге әлі де жарық берілмепті. Бұл — 21 мың тұтынушы.
Тағы оқыңыз: СҚО полицейлері боранды күні жолда қалған ақтөбелік кәсіпкерге көмектесті