Петропавлда полицейлер өрттен екі адамды аман алып қалды

Петропавлдық полицейлер жанып жатқан үйден екі зейнеткерді аман алып шығып, газ баллонының жарылуына жол бермеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға 19 қараша күні сағат 11:05 кезінде болған. Жас өркен ықшам ауданында жүрген Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев үйлердің бірінен шығып жатқан қою түтінді байқап қалған. Инспекторлар түтіннің Ертіс көшесіндегі бір-біріне қосылып салынған көппәтерлі баспанадан шығып жатқанын анықтады. Олар дереу өрт сөндіру қызметін шақырып, 70 және 71 жастағы ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өрттен құтқарып, газ баллонын алып шыққан. Өрт сөндірушілер тез арада тиісті шаралар қабылдап, болжам бойынша өрттің электр желілерін пайдалану қағидаларын бұзудан пайда болғанын анықтады.

«Полиция мен өрт сөндірушілердің бірлескен сауатты іс-қимылының арқасында ешкім зардап шекпеді. Өрт толық ауыздықталғаннан кейін Жәнібек Әнуарбеков пен Қанат Балтабаев өздеріне бекітілген учаскеде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті», — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да бораннан кейін тұрғындар жарықсыз қалды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x