Ақжар ауданы Ақсары ауылында таза ауыз су жоқ. Тұрғындар көлдің суын сүзгіден өткізіп ішуге мәжбүр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Шалғайда жатқан Ақжар ауданына қарасты Ақсары ауылында проблема жетерлік. Солардың ең бастысы -су мен жол.
«Колонкалар тұр. Су жоқ. Ауыл шетіндегі қазан шұңқырдың суын тазартып ішеміз. Ұңғыма қаздық, су шықпайды», — дейді редакцияға телефон шалған Ақсары ауылының тұрғыны Майра Қажмұратова.
Айтуынша елді мекенге апаратын жолдың да жағдайы мүшкіл. Қиыршық тас төселеді деген уәденің берілгеніне де біраз болған. Осы мәселелердің барлығын бүгін орталық коммуникациялар алаңында брифинг өткізген аудан әкімі Қанат Қалиевтен сұрап білдік. Бірақ шенеунік олардың бәрін жоққа шығарып отыр.
«Ақсары ауылындағы су мәселесін білемін. Оларда екі ұңғыма қазылып, суды сол жерден ішіп отыр. Жерасты суы аз шығады. Бүгінгі күні ауылдық округ әкімібұл бойынша жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта үшінші ұңғыма қазылады. Ешкім қазан шұңқырдан су ішіп отырған жоқ», — деді аудан әкімі.
Жолға келер болсақ, жөндеу жұмыстары екі жылға жоспарланыпты. Бірінші кезең биыл аяқталады. Қалған жұмыстар 2024 жылы жалғаспақ. Талшық-Май-Ұялы-Ақсары ауылдары арасындағы жолды орташа жөндеуге 927,5 млн теңге бөлінген.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sқo-da-biyl-100-den-astam-zhayau-zhүrginshini-kөlik-қaғyp-ketken/СҚО-да биыл 100-ден астам жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен