Петропавл қаласына 71, ауылдарға 74 медицина маманы қажет. Өңірде әсіресе, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер тапшы, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Обыстық әкімдіктегі жиында денсаулық сақтау басқармасының басшысы кадр мәселесіне де тоқталды. Биыл өңірге жас мамандар келгенімен, қажеттілік әлі де бар. Облысқа акушер-гинеколог, хирург, офтальмолог, терапевт, кардиолог, педиатрлар қажет.
«Маман тапшылығына көбіне дәрігерлердің басқа өңірлерге көшуі, зейнетке шығуы және жекеменшік клиникаларға кетуі себеп. Мамандарды тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан берілетін көтермеақыдан бөлек, медициналық ұйымдар 1 млн мен 3 млн теңге көлемінде жәрдемақы береді. Коммуналдық төлемдерін жабамыз. Резидентурадағы оқуын төлейміз», — деді басқарма басшысы Құмар Күсемісов.
Қазан айында облыстық маслихаттың шешімімен жас мамандарға берілетін көтермеақының мөлшері бекітілді. Жалпы тәжірбиедегі маман қалаға келсе 1 млн теңге алады. Ал ауылға барса 1 500 000 теңге алады. Өзге мамандар қалада қалса 3 500 000 теңге, ауданға барса 5 000 000 теңге алады. Биыл көтермеақыға деп бюджеттен 250 млн теңге бөлінген. Қазір одан 105,6 млн теңге қалды.
Тағы оқыңыз: Биыл СҚО-да 37 сәби қайтыс болды