Ресей мен Латвияда Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан 4 қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды. Солардың бірі – СҚО тумасы Дмитрий Морев, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Ұлы Отан соғысына аттанып, қаза тапқан жауынгерлердің есімдерін анықтауға медальондар көмектескен. Олардың 4-уі қазақстандықтарға тиесілі екен.
1. Бурнашев Еремей Фёдорович, 1920 ж., Алматы қаласы
2. Морев Дмитрий Иванович, 1922 ж., СҚО, Красный Яр ауылы
3. Маметов Силан, 1912 ж., Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
4. Сармантаев Қалхай, 1900 ж., Қарағанды облысы.
«Дмитрий Морев 1922 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Красный Яр ауылында туған. 1943 ол іс-түссіз жоғалып кеткен. Әкесі – Морев Иван Павлович. Ал анасының есімі – Клавдия», — деп көрсетілген «Атамның аманаты» ҚБ жазбасында.
Қазір қоғамдық бірлестік өкілдері жауынгерлердің сүйегін туған елге әкеліп жерлеу үшін туған туысқандарын іздестіріп жатыр. Сондықтан олар жайлы қандай да бір ақпарат болса +7 771 287 21 11 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Тағы оқыңыз: СҚО-да заңсыз үйілген 200-ге жуық қоқыс орны анықталды