СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңадан сайланған әкімдерді таныстырып, оларға ауданды дамыту жөніндегі нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Өңір жетекшісі жаңа басшыларға алдағы жұмыстарының бағытын айқындап
берді. Бұл ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте жаңа жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге инвесторлар тарту, инфрақұрылымды дамыту, сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту және жолдар салу. Білім мен денсаулық сақтау саласын дамыту да басты назарда.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қарашада Қазақстанда алғаш рет аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтті. Солтүстік Қазақстан облысында сайлау науқаны Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарында болды.
Тағы оқыңыз: СҚО-да 10 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастарылды