«Уголки-Саумалкөл» аралығында теміржол бойында жүк пойызы 20 қойды басып кетті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Ақпарат бойынша жүк пойызының машинисі шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болған. Алайда, 20 қой пойыздың астында қалды. Сол себепті жүк пойызы кестеден 34 минутқа кешікті.
«Тексеру барысында үй жануарларының иесі анықталды. Облыстың 30 жастағы тұрғыны теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді көліктегі әкімшілік полиция басқармасының бастығы Марат Дубаев.
Тоғыз айдың ішінде бүкіл ел бойынша теміржол бойында малдың қатысумен 873 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Мұндай оқиғалардың негізгі себебі- мал иелерінің жауапсыздығы.
Тағы оқыңыз: Облыста ауыл шаруашылығы және білім саласында маман тапшы