Жылу электр орталығындағы апатқа кінәлі деп табылғандарға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының сот алқасы Петропавлдағы екінші жылу электр орталығының бұрынғы директоры мен бас инженері және қазандық цехының бастығына қатысты қылмыстық істі қарады. Сот шешіміне қатысты прокурор апелляциялық өтініш берген болатын, деп жазады Qazaqstan Media Ratel.kz. сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың  наурызында Петропавлдағы жылу электр оратылығындағы үш түтін құбырының бірі құлаған болатын. Нәтижесінде жылу электр орталығының ғимараты мен жабдықтарының бір бөлігі зақымданды, қаладағы біраз үй жылусыз қалды. Адам шығыны да болды. Қазандық цехының машинист-шолушысы Наталья Чефанованың денесі үйінді астынан табылған еді.
Осы факті бойынша іс қозғалған болатын. Тергеу бір жарым жылға созылды. Прокурорлар айыпталушыларды соттап, коммерциялық ұйымдарда және мемлекеттік қызметте үш жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыруды талап етті. Алайда үш сотталушы да қылмыс құрамының жоқтығынан ақталды.

«Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру, прокурордың апелляциялық өтінішін қанағаттандырмау. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді,- деп оқыды төрағалық етуші судья Сергей Викторенко.

Тағы оқыңыз: Облыста 50-ге жуық кәмелет жасқа толмаған қыз бала жүктілік бойынша есепте тұр

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x