Қазақстанда жаңа ерікті жинақтау жүйесі іске қосылады

Алдағы жылы «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізіледі. Бұл туралы  Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы мен Жолдауын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жоғары білімді қолжетімді етудің қосымша тетігі «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды. Аталған жүйе шеңберінде балаға арнайы шот ашуға болады. Оған мемлекет 60 АЕК мөлшерінде  білім алуға бастапқы капитал салады. Бұдан әрі оған ата-аналардың ерікті жарналар салады. Оған қоса  5-7 пайыз мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс есебінен қаражат жинақталады. Осылайша, айына 1 АЕК  мөлшеріндегі ең төменгі жарна салынып отырса, бала 18 жасқа толғанда шотында 3 млн теңгеден астам қаражат жиналмақ. Егерде ата-аналар ай сайын 3 АЕК-ке дейін жарна салса 7 млн теңгеден астам қаражат жинақтауға болады. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың қосымша шаралары көзделеді. Әсіресе өзгерістер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты болады. Сондай-ақ ақшаның құнсыздануынан қорғау құралдары қарастырылған. Оған қоса  «Ұлттық қор – балаларға» бастамасы аясында қаражат жинақталатын болады. Бұл кейіннен ақшаны бір жерге шоғырландыруға,  оқу ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Егер талапкер грантқа түскен жағдайда, шотында жинақталған қаражатты тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады. Премьер-министр «Келешек» жүйесін келесі жылы енгізу қажет екенін атап өтті. 

Тағы оқыңыз: Бірінші қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау науқаны басталады

 
Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x