Петропавлдық өрт сөндірушілер 12 жасар баланы құтқарды

Петропавлда өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 12 жастағы баланы құтқарып қалды. Өрт көпқабатты үйде шыққан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Өрт 27 қыркүйек күні сағат 14.00-де Жуков көшесі, 3 мекенжайындағы 6 қабатты тұрғын үйдің соңғы қабатындағы пәтерлердің бірінде шыққан. ТЖД қызметкерлері келгенде баспананы қалың түтін басып, тұрғындарды эвакуациялауға кедергі келтірген. Дегенмен құтқарушылар 12 адамды, оның ішінде 3 баланы баспалдақпен сыртқа шығарды.

«Пәтердегі барлық бөлмелер түтінге толы болды.  Жатын бөлмесінде жеке заттар жанып жатты. Біз бөлмелердің бірінде бала бар екенін білдік. Ол 101 қызметінің диспетчері Жанерке Жиентаеваға бейне қоңырау арқылы қай жерде екенін көрсетті. Оның қасына келгенде 12 жасар баланың терезені ашып, сол жерде тыныс алып отырғандығын көрдім. Оны құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырдым. Осы кезде үйде күтіп отырған үш балам есіме түсті», — деді СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Балқат Токин.

Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған. Қызыл жалын 14 сағат 34 минутта ауыздықталды. 5 шаршы метрді құраған отты сөндіруге 23 маман мен 7 техника жұмылдырылды.

От ортасында қалып, құтқарылған баланың әкесі өрт сөндірушілерге алғысын білдірді.

Тағы оқыңыз: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ СҚОФ басшысы парамен ұсталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x